Мейіржан Шермаханбет Азиадада грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды

Мейіржан Шермаханбет Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен күміс медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны финалда былтырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Кацуаки Эндодан (Жапония) жеңіліп қалды. Есеп 3-4.
Бұл салмақтағы екі қола Сайед Даниал Сохраби мен Раззак Бейшекеевтің (Қырғызстан) еншісінде кетті.
Мейіржан (67 кг) таңертең бозкілем төрінде 1/8 айналымда Наттапонг Хинмиді (Таиланд) сосын, жарыс қожайыны Лэй Лиді, жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Сайед Даниал Сохрабиді (Иран) таза жеңді.
Мейіржан Шермаханбет жарақатына байланысты жылдың басындағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасына қатысқан жоқ. Жазда Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript