Бейжіңдегі турнирде Елена Рыбакина тағы да жеңіске жетті

Елена Рыбакина, Қытай, WTA-1000, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 19:02 Сурет: Instagram/lenarybakina
Бейжіңдегі (Қытай) WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 60-шы ракеткасы - ресейлік теннисші Мирра Андреева әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 2:6, 6:4, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Ойын 1 сағат 51 минутқа созылды. Рыбакина бұл кездесуде он рет эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және орындаған бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Андрееваның есебінде екі эйс, екі  қос қателік және сәтті жүзеге асырылған үш брейк-пойнт бар.

Бейжіңдегі жарыстың келесі кезеңінде Елена Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) – Ясмина Паолинидің (Италия) бірімен ойнайтын болады. Қытайдағы турнир 8 қазанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: