Мақсат Сайлау Азия ойындарын 5-орынмен аяқтады

азия ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 23:05 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінің палуаны Мақсат Сайлау (87 келі) қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүлде жолында 21 жастағы қазақ спортшысы Масато Сумидің (Жапония) мықтылығын мойындады.

Мақсат күндіз алғашқы белдесуінде Хиеу Динь Нгиемді таза ұтып, ширек финалда әлем чемпионатының екі, Азия чемпионатының 4 дүркін жүлдегері өзбек палуаны Жалғасбай Бердімұратовқа жол берген.

Қазір Қазақстан құрамасы 51 медальмен жалпы есепте 13-сатыда тұр. Оның бесеуі алтын, 11-і күміс, 35-і қола.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: