Галина Дуванова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Азия ойындары, джи-джитсу, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 14:38 Сурет: Instagram/jj_kaz
Галина Дуванова Азиадада джиу-джитсудан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 57 кг салмақта бақ сынайтын спортшы ақтық айқаста Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезден (Филиппин) жеңіліп қалды. Есеп: 0-2.

Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамадан (Таиланд) басым түкен еді. Ал іріктеуде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген.

Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9-сатыдан көрінген. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған, сондай-ақ 3 дүркін Азия чемпионы.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: