Әмір Омарханов Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Беделді жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors)тамаша өнер көрсетті.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді қапы қалдырды - 6:7, 7:6, 6:3.
Әмір ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды - 6:3, 6:3.
Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті ойсырата ұтты - 6:1, 6:0.
Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті - 6:2, 6:2.
Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors жарысында төртінші титулына қол жеткізді.
Әзербайжан астанасы Бакуде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe турнирі аяқталды.
Кристина Курученко финалға дейін жетіп, ресейлік Юлия Мякоткинаға жол берді - 2:6, 1:6.
Ал Линара Бөлешева Даяна Жақыпбаевамен бірге ресейліктер Ю.Мякоткина - Алиса Терентьеваны жеңді - 6:3, 5:7, 17:15.
Тағы бір қазақстандық Михаил Мищенко ресейлік Яков Грызновпен бірге соңғы сында ресейліктер Тимур Гордеев - Алексей Ильиннен айласын асырды - 6:7, 6:2, 10:8.