Юлия Путинцева Гонконгтегі турнирде ресейлік теннисшіден жеңілді
Сурет: wtatennis
Қазақстанның екінші, әлемнің 68-ракеткасы Юлия Путинцева Гонконг WTA 250 турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы - ресейлік Анна Блинковамен кездесті.
Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Путинцева есе қайырды - 6:2.
Үшінші, шешуші сетте есеп 1:5 болған сәтте қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 53 минутқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript