Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасынан тағы жеңілді

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2024 12:00 Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Римдегі WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бұл кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Ол қарсыласынан 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Қазақстандық теннисші матч кезінде төрт эйс пен екі қос қателік жасады және бес брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.


Юлия Путинцева Ига Швентекпен осы жылы Индиан-Уэлстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында кездесіп, ол кезде 1:6, 2:6 есебімен есе жіберген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: