"Кайрат" - "Зенит": Бірінші таймда командалар өзара тең түсті

"Кайрат" - "Зенит", бірінші тайм, футбол, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 17:47 Сурет: Zakon.kz
Алматының "Қайраты" мен Санкт-Петербургтің "Зениті" арасындағы жолдастық матчтың бірінші таймы аяқталды. Ойын тең жүріп жатыр, есеп - 1: 1, хабарлайды Zakon.kz.

Матчтағы алғашқы голды тоғызыншы минутта "Қайрат" футбол клубының 11-ші нөмірлі ойыншысы Жуан Паулу соқты.

29-минутта қонақтар есепті теңестіре алды. Матчтағы екінші голдың авторы - Петербор клубының футболшысы Александр Ерохин болды.

Сурет: Zakon.kz

14 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де Алматыда "Қайрат" футбол клубының ресейлік "Зенит" командасына қарсы жолдастық матчы басталды.

Матч Алматының орталық стадионында өтіп жатыр. 

Алматы стадионына жергілікті клубты қолдау үшін жүздеген жанкүйер жиналды.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, 15 қазанға қараған түні сағат 00:45-те Қазақстан құрамасының Данияға қарсы матчы өтеді. Қазақстан құрамасын даниялықтар өз алаңында - Копенгагенда қабыл алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: