Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихында ең көп гол соққан ойыншы атанды
Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихында ең көп гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай қорғаушы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Финляндиямен өткен ойында (2:1) дубль жасады. Ол 77 және 90-минуттарда гол соғып, команданы алға сүйреді.
ЦСКА-ның бұрынғы футболшысы Руслан Балтиевті басып озып, ұлттық құрама сапында гол саны бойынша көш бастады. Зайнутдиновтың еншісінде 14 гол бар.
Н тобындағы Қазақстан Финляндиядан 3 ұпайға озып кетті. Қазақстан құрамасында 15 ұпай, ал Финляндияда 12 ұпай бар. Словения мен Дания 16 ұпайдан жинады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript