Александр Бублик Бельгиядағы турнирде жұптық сын бойынша жартылай финалға шыға алмады

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 00:01 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Бельгиядағы турнирде жұптық сын бойынша жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Zakonn.kz.

Александр Бублик ATP 250 санатындағы турнирдің жұптық сынында ресейлік теннисшімен Александр Шевченкомен бірге жарыстың үшінші ракеткалары болып тіркелген монаколық-ұлыбританиялық теннисшілер Хьюго Нис пен Ллойд Гласспулмен ойнады.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарынан 3:6, 3:6 есебімен екі сетте жеңілді. 

Айта кетейік, Александр Бублик бұл турнирдің жекелей сынында да бақ сынап жатыр. Ол ертең жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 226-сатыда тұрған франциялық 20 жастағы теннисші Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: