Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындараның екі дүркін чемпионы атанды

Азия пара ойындары, рекорд, жүзу, чемпион, пара спортшы, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 18:40 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Жерлесіміз Нұрдәулет Жұмағали Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын жүлде салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

"Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!", – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде бар.

2023 жылғы 27 қазан күні Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан Азия пара ойындарында қола медаль жеңіп алды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: