Раушан Қойшыбаева Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Азия пара ойындары, зілтемір, атлет, Қазақстан спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 10:16 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Раушан Қойшыбаева Қазақстанның қоржынына күмістен жүлде салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 26 қазан күнгі мәліметінше, 73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық атлет 119 кг зілтемірді көтерді.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Азия пара ойындары аясында дзюдодан қазақстандық қос спортшы жеңімпаз атанған еді. Жанбота Аманжол күміс медаль, ал Ғалымжан Смағұлұлы қола медаль иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: