Руслан Степанов – Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері

Руслан Степанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2023 14:00 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында кикбоксингтен жарыс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спорттың бұл түрінен ел намысын лоу-кик санатында Руслан Степанов (81 келі) пен Шара Хамзина (65 келі) қорғады.

Руслан жартылай финалға дейін сүрінбей жетіп, осы салмақтың үздігі атанған бразилиялық Лукас Рафаэль Ферраз дос Сантосқа аса тартысты айқаста жол берді. Есеп: 1-2. Осылайша, Ұлттық құрама спортшысы мысырлық Абдулла Хусейн екеуі үздік үштікті түйіндеді.

Ал Шара ширек финалда хорватиялық Мария Бодачтың мықтылығын мойындап, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Жалпы кикбоксингтен жауынгерлік өнер ойындарында 28 мемлекет жүлде алды. Көш басында 3 алтыны бар Мажарстан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: