Жаңалықтар тізбегі
0

Бэлла Самашева – Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарының күміс жүлдегері

Бэлла Самашева, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 11:07 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында Бэлла Самашева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын Самашева іріктеуде 3 жекпе-жек өткізіп, екеуінде сенімді жеңіске жетті. Сосын, Франция құрамасының спортшысымен тең түсті. Осылайша, Бэлла өз тобында 1-орын алып, жартылай финалға жолдама алған. Мұнда Ұлттық құрама спортшысы Лоуренстен (Аустралия) айласын асырды.

"Осы ойындарға жыл басынан бастап дайындалдым. Алжир каратэшісімен былтырғы әлем чемпионатында жолығып, жеңілгенмін. Бүгін есе қайтарғым келді. Өкінішке қарай, ойлағанымды іске асыра алмадым. Бұл жекпе-жекте маған сенімділік жетіспеді деп ойлаймын. Енді мұнымен тоқтап қалмаймын. Келе жатқан Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткім келеді", - деді Бэлла марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.

Айта кетейік, Бэлла биыл көктемде Конья қаласында өткен А сериясына кіретін турнирде жеңімпаз атанған. Сонымен қатар 2019 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алған.

Бүгін бақ сынаған тағы бір отандасымыз Олжас Алтынбек (60 кг) өз тобынан плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Ар-Риядқа каратэшілерді жастар құрамасының аға бапкері Шаттық Қажымұқан бастап келді. Енді ертең қалған салмақтағы үздіктер белгілі болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: