Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тоғызыншы күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева байдарка мен каноэ есуден жұптық сайыста жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшылар 200 м қашықтықты 46 секундта бағындырып, екінші орынға табан тіреді.
Қытай құрамасы 44,296 ұпаймен жеңімпаз атанса, Өзбекстаннан келген ескекшілер қола жүлдеге ие болды – 47,029.
Сонымен Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын, тоғыз күміс және 29 қола медаль бар.
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар да бүгін Азидада байдарка және каноэ есуден жұптық жарыстың күміс жүлдегері атанған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript