Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыластары анықталды

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 00:49 Сурет: ktf.kz
Испанияның Кордова қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жасөспірімдер D тобына түсті.

Онда Қазақстан құрамасы Италия, Оңтүстік Корея және жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Испания командасымен ойнайды.

Бүгін қазақстандық жасөспірімдер Италия құрамасымен сынға түседі.

Беделді жарыста ел намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбай қорғайды. Команда капитаны – Сергей Квак.

Жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты 30 қазан – 5 қараша аралығында өтеді. Ширек финалға әр топтан екі үздік құрама шығады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: