Дэвис кубогы: теннистен Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы анықталды

Дэвис кубогы: теннистен Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 11:54 Сурет: ktf.kz
Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы қонақта Оңтүстік Кореямен кездеседі. Матчтар 12-13 немесе 13-14 қыркүйекте өтеді.

Нақты күндер мен ойын өтетін қаланы алаң иелері кейінірек анықтайды. Жеңіске жеткен құрама келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.

Бұл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы үшінші кездесу болмақ. Қазіргі есеп – 1:1.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: