Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Бейбіт Жұқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 22:36 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) "Челленджер" турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 354-орында тұрған америкалық Тай-Сон Квятковскимен өткізді.

Аса тартысты өткен матчта Жұқаев 4:6, 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Екі сағат 38 минутқа созылған матч барысында Бейбіт 22 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 174-інші, жарыстың 6-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтон немесе рейтингте 517-сатыдағы испаниялық Иньяки Монтес де ла Торренің қай жеңгенімен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: