Billie Jean King Cup: Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Севильяға келіп жетті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы, Севилья, Billie Jean King Cup, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 22:42 Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты – "Билли Джин Кинг кубогында" бақ сынайды. Жарыс кестесі алдын ала жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда капитаны Ярослава Шведова, сондай-ақ құрама ойыншылары Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағындықова Севильяға келіп жетіп, дайындық жаттығуларына кірісіп кетті. Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина 7 қарашада олардың қатарына келіп қосылады.

"В" тобындағы кездесулер кестесі:

  • 9 қараша, бейсенбі, 15: 00 (Астана уақыты). Қазақстан - Австралия.
  • 10 қараша, жұма, 15: 00 (Астана уақыты). Словения - Қазақстан.

Finals of the 2023 Billie Jean King Cup by Gainbridge 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Қазақстаннан басқа әлем чемпионатында тағы 11 команда өнер көрсетеді: Швейцария (2022 жылғы "Билли Джин Кинг кубогының" жеңімпазы), Австралия, Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Словения, Германия және Польша (уайлд-кард иегері).

Айта кетсек, Жібек Құламбаева Тунисте өткен ITF W25 сериясы турнирінің чемпионы атанған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: