Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды

ІІ Түркі универсиадасы, Түркістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 01:20 Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
6 қарашада Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басын қосқан доданың ашылу салтанаты "Керуен сарай" кешеніндегі "Show arena" ғимаратында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты жиында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі елдерінің басын қосқан спорт додасының маңызды екенін атап өтті.

Бұл - Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері Ұйымының X саммиті өткеннен кейін ұйымдастырылған алғашқы шара.

"Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасына Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысуда. Олар шахмат, үстел теннисі, волейбол, дзюдо, футзал, грек-рим күресі, еркін күрес спорт түрлері бойынша жүлделерді сарапқа салады. Сайыстар "OLIMPIC CENTER" спорт кешені мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өтіп жатыр", делінген хабарламада.

Түркі универсиадасы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: