Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңді

каратэ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 22:22 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Алматыдағы WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа барлығы 30-ға жуық елден 600 татами шебері жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға ие болды. Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастады. Ал үздік үштікті Иран (5 алтын, 6 күміс, 11 қола) түйіндеді.

Соңғы жарыс күні кумите бағдарламасында Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Биғабыл Жоламан (55 келі), Ақниет Шеризат (50 келі) пен Белла Шамашева (55 келі) əнұранымызды шырқатты. Сондай-ақ Асқар Сапарғалиев (87 келі) пен Даяна Даренская (68 келі) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Ал Никита Тарнакин (84 келі), Николь Ценгель (61 келі) және Венера Жақсыбаева (68 келіден жоғары) қолаға қол жеткізді.

XXI құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы Бэлла Самашева жарыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, қарсыластарына тоқталып кетті.

"Азия чемпионаты өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластарым осал болған жоқ. Финалда Таиланд өкілін жеңдім. Өте қуаныштымын. Бұнымен тоқтамаймын. Алда әлі көптеген маңызды жарыстар күтіп тұр. Барша қолдаған жандарға мың алғыс!" Бэлла Самашева

Айта кетейік, енді ертең ересектер арасында І ашық Азия чемпионаты басталады. Бұл турнир 10 қарашада аяқталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: