Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды
Екінші орында Иран (3 алтын, 2 күміс, 3 қола), одан кейін 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері тұр.
Чемпионатқа 10 елден 140-қа жуық спортшы қатысты.
Атап айтқанда: Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері.
Сурет: Instagram/drs_kz
Доданың соңғы күнінде командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды. Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы алтын, ал әйелдер қола жүлдеге ие болды.Бәсекеде алтын медальді Ұлмекен Жалғас (68 келіден жоғары), Самашева Бэлла (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг), Диас Ұлбек (84 кг) жеңіп алды.Күміс жүлде ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Николь Ценгель (61 кг), Дархан Тимралиев (60 кг), Әбілмансұр Батырғалиға (75 кг), Айдос Мұхатқа (67 кг) бұйырды.Сондай-ақ Ердос Кенжеғалиев (ката), Арина Якубина (68 келіден жоғары), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг), Никита Тарнакин (84 кг) қола еншіледі.