Словакияда үстел теннисінен Қазақстанның жастар құрамасы үш жүлде еншіледі
Үш санатта да біздің жас ракетка шеберлері қола медальмен марапатталды. Бірінші қола медальды құрама көшбасшысы, қарағандылық Алан Құрманғалиев иеленді, ол 17 жасқа дейінгі топта жүлдегер атанды. Содан кейін кеншілер қаласының тағы бір өкілі, 9 жасар Олег Яковлев 11 жасар қарсыласымен тамаша жекпе-жек өткізіп, жеңімпаздар тұғырына көтерілді.
Сурет: Талап Қойбағаров
Көп ұзамай 16 жасар Алан Құрманғалиев тағы бір "қоланы" еншіледі. Эльмира Алиеваның шәкірті 19 жастағы теннисшілер арасында жақсы өнер көрсетіп, осы жарыстың екінші "қоласына" ие болды.
Алан бұл жарыста Франческа Каррераны (Испания), Матиас Колечарды (Чехия), Луис Марканоны (Чили), Ксавье Уоттс (Бельгия) бен Чжэнлун Люды (Австрия) сан соқтырды.
Жартылай финалда оған кішкене ғана сәттілік жетіспеді, ол Ван Гуан-Чэннен (Тайбэй) 2:3 есебімен жеңілді.