Қазақстандық шахматшылар әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында екі "алтын" жеңіп алды

шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2023 11:36 Сурет: instagram.com/drs_kz
Оман мемлекетінің астанасы Маскатта шахматтан әуесқойлар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сында Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 2-орын алды.

 23 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Әбілмансұр Әбділқайыр (ерлер) мен Арнаш Бауыржан (әйелдер) чемпион атанды. 

Көш басында барлығы 6 медаль (оның төртеуі алтын) алған Моңғолия тұрса, Үндістан үздік үштікте (2 күміс, 1 қола). 

FIDE ұйымдастырған дода 3 жас санаты бойынша (U17, U20, U23) өтті.

Биыл барлығы 8 елдің ойыншысына жүлде бұйырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: