Әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталды

бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 17:59 Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Астанадағы бокстан ерлер арасындағы Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір аптаға жалғасқан бәсекеде отандық боксшылар 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) дәрежесінде өнер көрсетіп, өзара кім мықтыны анықтады.   

Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталып, ұлттық құрама жаңадан жасақталады.

Спартакиадада топ жарған былғары қолғап шеберлері келесі жылға жоспарланған халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирлерге қатысады.

Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасындағы Карина Ибрагимова жуырда ғана Қытайда өткен Азия ойындарында лицензияға ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: