Жаңалықтар тізбегі
0

Инесса Шүмекова конькимен жүгіруден әлем кубогының жеңімпазы атанды

Конькимен жүгіру, Қазақстан спортшысы, Италия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 13:51 Сурет: Instagram/committee_sport
Қазақстандық конькиші Инесса Шүмекова Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші кезеңінің чемпионы атанды, спортшы 1000 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шүмекова алтынға қоса италиялық жарыста конькимен 500 метрге жүгіруден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан спортшысы, конькимен сырғанау, Италия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 13:51

Сурет: Instagram/committee_sport

Тағы бір күміс медаль 1000 метрге жүгіруден екінші орын алған қазақстандық конькиші Арина Ильященкоға бұйырды.

Бұл жарыстарда тағы бірнеше қазақстандық конькиші де жақсы нәтиже көрсетті. Әр түрлі қашықтықта өз жас топтарында ең мықтылар қатарында Мария Кузнецова, Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алена Лифатова, Андрей Семенов және Вадим Якубовский көрінді.

2-3 желтоқсанда Италияның Коллабо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі өтті. Жарысқа 20-дан астам елден 150-ден астам спортшы қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: