Анна Данилина WTA 125 турнирінің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Францияның Анже қаласында WTA 125 санатындағы турнир өтіп жатыр. Жұптық сайыста қазақстандық теннисші Анна Данилина финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анна Данилина жартылай финалда ресейлік спортшы Александра Пановамен бірге нидерланд-бельгиялық жұп Бибиана Шуфс/Кимпберли Циммерманнды 7:6 (9:7), 6:2 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 26 минутқа созылды.
Финалда Анна Данилина мен Александра Панова мықты қарсыластары румын Моника Никулеску мен испандық Кристина Буксаға қарсы ойнады.
Бұл теннисшілер Анжедегі турнирдің бірінші ракеткалары ретінде тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript