Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Францияны да ұтып кетті

Хоккей, жастар арасындағы ӘЧ-2024, Қазақстан, Франция, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 19:51 Сурет: Instagram/ccmhockeyfinland
Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатында А тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы Францияға қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі команданың да қоржынында екі жеңістен болды. Дегенмен француздар қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орында тұрды, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншылар:

Никитин (Шестаков) — Бреус Хан, Оспанов-Логвин-Ермак; Авдеенко-Оразов, Ким-Бейсембаев-Нұркенов; Шақшақбаев-Решетько, Ляпунов-Симонов-Смольянинов; Шипилин-Русланұлы, Ситников-Мигунов-Гросс.

Ойын барысында бірінші болып Дәулет Нұркенов шайба соқты, екінші таймда Егор Смольянинов ерекше көзге түсе білді. Соңғы шешуші 20 минут барысында Нұркенов дубль тіркеді, ал қорытынды шайбаны Александр Ким соқты — 4:0 (1:0, 1:0, 2:0).

Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатындағы үшінші матчта да жеңіске жетті, келесі ойын ертең сағат 17:30-да Жапония құрамасына қарсы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: