Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ-2024: Қазақстан Жапония құрамасын да жеңіп кетті

Хоккей, жастар арасындағы хоккейден ӘЧ-2024, Қазақстан, Жапония , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 20:50 Сурет: icehockey.kz
Қазақстан құрамасы бірінші дивизионда өтіп жатқан жастар арасындағы хоккейден Әлем чемпионатында Жапония командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші болып жапондықтар есеп ашты, алайда бірінші таймның үзілісіне жеткізбей Егор Смольянинов есепті теңестірді. Екінші таймда Кирилл Ляпунов қазақстандықтарды алға шығарды, қорытынды кезеңде Руслан Оспанов қарсыластар қақпасына тағы да шайба соқты. Есеп – 3:1 (1:1, 1:0, 1:0).

Қазақстан-Жапония– 3:1 (1:1, 1:0, 1:0):

0:1 – 06:23 – Сасаки (Сузуки, Койва)

1:1 – 18:30 – Смольянинов (Ляпунов, Хан)

2:1 – 38:21 – Ляпунов ГБ

3:1 –53:17 – Оспанов (Бреус)

Қақпашылар: Никитин - Кудо

Осылайша, Қазақстан аталған турнир барысындағы төрт матчта да жеңіске жетті. Енді 16 желтоқсанда Қазақстан Австрия құрамасымен кездеседі.

Айта кетсек, кеше Қазақстан Франция құрамасын жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: