Жаңалықтар тізбегі
0

Туризм және спорт министрі Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Шавкат Рахмонов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2023 09:50 Сурет: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кезекті жеңісіне құтты болсын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еліміздің тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавкат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!" Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев

Айта кетейік, 40 жастағы америкалық спортшы Стивен Томпсон бүгінге дейін өзінің спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Ал Шавкат Рахмонов 2014 жылдан бері аралас жекпе-жекпен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 17 рет айқас алаңына шығып, барлық бәсекені айқын басымдықпен аяқтады. 8 қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірген. Бұл – жерлесіміздің 18-жеңісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: