Жаңалықтар тізбегі
0

Рыбакина Абу-Дабидегі турнирде өз командасына Швентек тобын жеңуге көмектесті

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 01:45 Сурет: wta
Абу-Дабиде (БАӘ) үздік теннисшілердің қатысуымен World Tennis League (WTL) командалық турнирі басталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (4 WTA) өз командасы үшін екі кездесу өткізді. Қазақстандық теннисші "Falcons" командасында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы күні Елена Рыбакинаның командасы Hawks квартетімен кездесті, олардың құрамына Ига Швентек (Польша), Каролин Гарсия (Франция), Хуберт Хуркач (Польша) және Каспер Рууд (Норвегия) бар.

Жұптық ойында Елена Рыбакина Сорана Кырстямен бірге Ига Швентек пен Кролайн Гарсияны 6:4 есебімен ұтты.

Жекелей сында Қазақстанның үздік теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы екі ойын өткізді. Бірінші сетте 4:6 есебімен жеңіліп қалған Рыбакина екінші сетте 10:8 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық теннисшінің командасы 27:24 есебімен жеңіске жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: