Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады

Бибісара Асаубаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2023 17:20 Сурет: Instagram/committee_sport
Самарқанда (Өзбекстан) шахматтан блиц бойынша 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, онда қазақстандық Бибісара Асаубаева Алматыда жеңіп алған былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының ең жоғары медалін үшінші рет таға алмады. 19 жастағы қазақстандық ойыншы 17 ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнирді алтыншы орынмен аяқтады, деп хабарлады FIDE баспасөз қызметі.

Тағы бір жерлесіміз Меруерт Камалиденова Самарқанда (11 ұпай) 8-орынға табан тіреп, әлемнің үздік 10 шахматшы қыздарының қатарына енді.

Ал блицтен әйелдер арасындағы жаңа әлем чемпионы ресейлік Валентина Гунина (14 ұпай) атанды, Александра Костенюк (Швейцария, 13,5) күміс, қытайлық Жу Цзиньер (12,5) қола жүлдені иеленді.

Ерлер арасында 16 ұпай жинаған әлемнің ең үздік шахматшысы, норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші қатарда ресейліктер Даниил Дубов (15,5) мен Владислав Артемьев (15,0) тұр.

Норвегиялық гроссмейстер үшін бұл - Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші алтын медаль. 28 желтоқсанда ол рапид бойынша үздік атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: