Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан спортшылары өткен аптада қандай жүлделер алды

Қазақстан спортшылары өткен аптада қандай жүлделер алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2024 17:56 Сурет: akorda.kz
Отандық боксшылар Бакуде (Әзербайжан) өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды.

Әуесқой бокс:

Отандық боксшылар Бакуде (Әзербайжан) өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды. Додаға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Біздің боксшылар қоржынында 16 медаль, атап айтар болсақ, 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде бар.

Садақ ату:

Грузияның Батуми қаласында садақ атудан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар Самира Жұмағұлова, Аяжан Яхина және Әлихан Тұяқ бірінші орын иеленді. Жекелей сында Райымбек Майқыбаев топ жарса, қыздар арасында Самира Жұмағұлова күмісті қанағат тұтты. Кадеттер арасында Әлихан Тұяқ алтын, Аяжан Яхина күміс медаль иеленді. Командалық жарыста Райымбек Майқыбаев пен Әбдумәлік Ғаниев жеңіске жетсе, аралас командалық сында Әлихан Тұяқ пен Аяжан Яхина жұбы бас жүлде олжалады.

Шайбалы хоккей:

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» өз айдынында Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті. «Барыс» сапынан Аркадий Шестаков (дубль), Давид Скленичка, Рудольф Червены, Энтони Камара мергендігімен көзге түсті. «Трактор» командасынан Никита Сошников бір мәрте дәлдік танытты. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.

Күрес:

Қазақстандық балуандар жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте өз салмақтарында топ бастады. Еркін күрестен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орынға Грузия, үшінші сатыға Әзербайжан балуаны жайғасқан.


"Сонымен қатар Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің қорытындысы бойынша (United World Wrestling – UWW) 72 келі салмақтың рейтингінде бірінші орында тұр. Отандасымыз биыл үшінші рет Азия чемпионатында топ жарып, қыркүйекте Сербиядағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды", - деп қосты Туризм және спорт министрлігі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: