Астанада жеңіл атлетикадан Азияда алғаш рет өтіп жатқан халықаралық турнир басталды

жеңіл атлетика, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2024 09:06 Сурет: https://t.me/KZgovernment
Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайыстың ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Шараға сондай-ақ жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Айта кетейік, жарысқа 45 елден 136 атлет қатысып жатыр. Еліміздің намысын 28 спортшы қорғайды.

Дода әлемнің 80 еліне тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Astana Indoor Meet – Азияда алғаш рет өтіп жатқан World Indoor Tour "алтын" сериясының турнирі.

Жыл сайын сайыс әлем бойынша Бостон, Нью-Йорк, Мадрид, Ливен, Торун және Острава сияқты 7 қалада ғана өтетін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: