Қазақстандық спортшылар жасөспірімдер олимпиадасының оныншы жарыс күнінде де жүлде ала алмады

олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 18:52 Сурет: olympic.kz
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы жасөспірімдер олимпиадасында оныншы жарыс күні артта қалды, деп жазады Zakon.kz.

Бүгін жарыс жолына шыққан спортшыларымыз жүлдеге қол жеткізе алмады. 

Керлингтен аралас жұптық сында өнер көрсеткен Мерей мен Ибрагим Тастеміровтер Швейцарияға 1:9 есебімен жол берді.

Шаңғымен жарысудан спринтерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылар ширек финалмен шектелді. Берік Боранбаев қана іріктеуден сүрінбей өтсе, қалған спортшылар келесі кезеңнен сырт қалды. 

Айта кетейік, қысқы жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан командасы 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. Төртжылдық додасы 2 ақпан күні мәресіне жетеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: