Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан теннис құрамасы Аргентинада Дэвис кубогіне дайындалып жатыр

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 19:26 Сурет: ktf.kz
3-4 ақпанда Росарио қаласындағы "Жокей Клуб де Росарио" топырақ төсенішіндегі кортта Қазақстан құрамасы Аргентинамен командалық әлем чемпионаты – Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар жаттығуға кірісті.

Аргентинаның халық саны жөнінен үшінші қаласына капитан Юрий Щукин бастаған Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Александр Недовесов барды.

Аргентина – 2016 жылғы Дэвис кубогінің жеңімпазы. Сондай-ақ 1981, 2006, 2008 және 2011 жылдары финалға шыққан тәжірибелі команда. Бұл қос құраманың өзара үшінші кездесуі болмақ. Әзірге есеп тең – 1:1.

"Корттың сапасы өте жақсы. Әсіресе, өткен жылы біз ойнаған Болгария немесе Чилидегі жағдаймен салыстырғанда, деңгейі жоғары. Аргентиналықтар жақсы дайындалған. Олар топырақ төсенішін қолайлы көреді. Аргентинаның күшті құраммен ойнайтынын бәрі жақсы біледі. Дегенмен біз барынша қарсы тұрып, олардың жоспарын бұзуға тырысамыз". Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов

Бастапқы күні екі жекелей сындағы бәсеке өтеді. Екінші күні бір жұптық, екі жекелей кездесу болмақ. Жұп жеңімпазы қыркүйекте өтетін Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: