Париждегі Олимпиада: Қазақстан әлі қай спорт түрінен лицензия алуы керек
"Команда жетекшілері жеке жоспар бойынша дайындалады. Ол әр спорт түрінің ерекшеліктерін, спортшының қажеттіліктерін, медициналық және биологиялық қолдауды, оның ішінде физиотерапияны, қалпына келтіруді және жарақаттың алдын алуды, психологиялық қолдау мен көмекті ескере отырып стресті жарыстарға дайындық жасалады", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бүгінде команданың 8 спорт түрінен 19 лицензиясы бар (садақ ату – 4, велоспорт – 3, ату – 5, заманауи бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, көркем гимнастика – 1). Олимпиада ойындарына дейін 69 лицензиялық жарыс қалды, оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир.
Басқарманың мәліметінше, ақпан айында біздің команданың өкілдері спорттың 18 түрінен 17 лицензиялық жарыста өнер көрсетеді. Дзюдо, семсерлесу, көркем гимнастика, ауыр атлетика және батут гимнастикасы бойынша өнер көрсететін спортшылар Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама беретін рейтингтік ұпайларды сарапқа салады. Осы турнирлерде су спорты, бокс және жеңіл атлетикадан бақ сынайтын спортшылар төртжылдық мерейтойдың басты жарысына тікелей жолдама алу мүмкіндігіне ие болды.
Бұрын хабарлағандай, Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Жазғы Олимпиада ойындары 205 елден 10 мыңнан астам спортшының қатысуымен өтіп, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.