Жаңалықтар тізбегі
0

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ауысты

Ярослава Шведова, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2024 17:10 Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен Қазақстан әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын.

Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты. 

Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші бапкер ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады. 

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев кадрлық өзгеріске қатысты пікірін білдірді.


"Ұлттық әйелдер құрамасында түбегейлі ештеңе өзгертіп жатқан жоқпыз. Бұрын әйелдер құрамасында Юрий бапкер, Ярослава капитан еді. Енді керісінше Щукин басшылық тізгінді қолға алып, Шведова оған жәрдемдесетін болады. Былайша айтқанда, кадрлар орнын ауыстырды, бұл құраманың биылғы маусымда табысты өнер көрсететініне септеседі деп үміттенеміз", - деді Досқараев. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: