Италиядағы лицензиялық турнир: Бибосынов пен Оралбай келесі кезеңге өтті
Сурет: olympic.kz
Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық Сәкен Бибосынов екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен кениялық Давид Каранжа Мачариямен кездескен болатын.
Бұл кездесу де Сәкенге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан Бибосыновқа берді.
Ал Айбек Оралбай алғашқы кездесуін өткізді.
Сурет: olympic.kz
92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Айбек үндістандық Санжит Санжитке қарсы шықты.
Екі Азия чемпионының қатысуымен өткен кездесу Айбек Оралбайдың жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін оның сыңары Нұрбек Оралбай да бірінші айналымнан сәтті өткен еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript