Жаңалықтар тізбегі
0

Италиядағы турнир: Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасының бес жолдамасын жеңіп алды

Сәкен Бибосынов, Париждегі Олимпиада жолдамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 18:58 Сурет: gov.kz
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнир өз мәресіне жетті. Ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының бес жолдамасын салған Қазақстанның ерлер құрамасы ерледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан өткен Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнирге Қазақстан құрамасынан 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) қатысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. 

Атап айтар болсақ, ерлер бәсекесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (51 кг), әлем чемпионы Сабырхан Махмұд (57 кг), әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг), әлем чемпионы Нұрбек Оралбай (80 кг) және 2018 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Айбек Оралбай (92 кг) Париждегі Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Өкінішке қарай әйелдер құрамасы лицензияға қол жеткізе алмады.

"Бокстан Италиядағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Париждегі дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтаймын. Ел жанкүйерлері қашан да боксшылардан үздік нәтиже күтеді. Сіздер бұл жолы жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құрама қоржынын маңызды лицензиялармен толықтырдыңыздар. Енді Олимпиадаға дайындықты күшейтіп, Париж төрінде топ жаруларыңызға тілектеспін", - деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, барлығы ерлер арасында Олимпиаданың 28, әйелдер арасында 21 жолдамасы үлестірілді. Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан еншісінде екі жолдама бар еді. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова (57 кг) Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алып қойған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: