Жаңалықтар тізбегі
0

Шорт-трекші Денис Никиша: Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық

Шорт-трекші Денис Никиша, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2024 13:12 Сурет: olympic.kz
Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеп, күміс жүлдегер атанған жерлесіміз шорт-трекші Денис Никишаның жарыстан кейін берген алғашқы сұқбаты жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz сайтына сұқбат берген спортшы өміріндегі ең үлкен жеңісі турады пікірімен бөлісті.

"Қазір бастан кешіп жатқан сезімдерімді жеткізу мүмкін емес. Айтарға сөзім жоқ. Осы медальға қол жеткіздік-ау! Былтыр жүлде қолымнан сырғып кетіп еді. Бүгін бәрі ойдағыдай болды. Өз нәтижеме ризамын. Күміс медаль - менің жақсы өнер көрсеткенімнің айғағы. Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық. Ризамын. Осы жолдағы ең қиын нәрсе – өз-өзіңмен күресу. Спортшылар менің не айтқым келетінін түсініп отыр. Нәтиже көңілден шығады.  Маусым аяқталар тұста көңілім жайланып қалды. Жылдың соңғы халықаралық жарысы. Енді демалып, қайтадан қалыпқа келуге мүмкіндік бар. Миландағы Олимпиадаға екі жыл қалғанын ескеріп, әрі қарай еңбек ету керек", - деді Никиша. 

Айта кетсек, Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы тарихи жетістігімен құттықтады

"Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен Сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі. Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді одан әрі қуанта беруіңізге тілектеспін!", - деді ҰОК президенті.

Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан құрамасының үздігі Денис Никиша әлемдік сында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, ол аталған спорт түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: