Қазақстан спортшысы екінші мәрте шорт-тректен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Денис Никиша, шорт-трек, Қытай, Әлем чемионаты, 500 метр, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 14:38 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Никиша 500 метр қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол мәреге 40,096 уақыт көрсеткішімен жетті.

Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (40,008) иеленсе, үздік үштікті нидерландтық Йенс Ван Т’Ваут (40,163) қорытындылады.

Айта кетейік, өткен жылғы әлем чемпионатында да Никиша күміс медаль жеңіп алған болатын.  

Бұған дейін бокстан 2025 жылғы Әлем чемпионатының ақтық сынында Қазақстанның бес боксшы қызыөнер көрсететінін жазғанбыз. Финалдық жекпе-жектер 16 наурызға жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: