Бокстан ӘЧ-2025: Қазақстанның бес боксшы қызы ақтық сында өнер көрсетеді

Бокс, Сербия, Ниш, Қазақстан құрамасы, финал, әйелдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 09:34 Сурет: ҚР ҰОК
14 наурызда түнде Қазақстан құрамасының өкілдері Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетті. Біздің бес спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасының алты боксшысы ақтық сынға шығу үшін барын салды. Нәтижесінде бесеуі "алтынға" таласу мүмкіндігіне ие болды. Олар:

  1. Назым Қызайбай (48 келіге дейін)
  2. Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін)
  3. Виктория Графеева (60 келіге дейін)
  4. Аида Әбікеева (63 келіге дейін)
  5. Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары).

Финалдық жекпе-жектер 16 наурызда басталады.

Бұған дейін Назым Қызайбайдың, Алуа Балқыбекованың, Аида Әбікееваның финалға шыққанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: