Грекия – Қазақстан – 5:0: футболшыларымыз енді кіммен ойнайды?

футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2024 09:32 Сурет: instagram.com/kff_team
Қазақстан мен Грекия құрамалары арасындағы матч 5:0 есебімен аяқталып, грекиялықтар Еуро-2024 жолдамасын сарапқа салатын Ұлттар лигасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтың сегізінші минутында-ақ алаң иелері Магомед Әдиев шәкірттерінің қақпасына пенальти арқылы бірінші голды соқты. Анастасиос Бакасетас мүлт кетпеді – 1:0.

Ал 14-минутта Грекия құрамасының ойыншысы Димитрис Пелкас Қазақстан құрамасының қақпасын дәл көздеді.

37-минутта Фотис Иоаннидис Қазақстан қақпасына гол соқты.

Ал 42-минутта Димитрис Курбелис біздің қақпаға төртінші голды соғып, таблодағы есепті өзгертті.

Екінші таймда Әдиев үш ойыншыны ауыстырды. Қарсыластар ширақ қимылдады, қақпаға жиі соққы жасады. Біздің команданы Шацкий бірнеше рет құтқарып қалды, алайда соңында бәрібір бесінші голды (Александр Марочкиннің автоголы) жіберіп алды.

Матчтың қорытынды есебі – 5:0.

Голдар: Бакасетас (9, пенальти), Пелкас (15), Иоаннидис (37), Курбелис (40), Марочкин (86, автогол).

26 наурызда Қазақстан жартылай финалда тағы бір жеңілген команда – Люксембургпен кездеседі, олар жолдастық кездесу өткізеді.

Дәл осы күні Грекия Еуро-2024 жолдамасына Грузиямен таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: