Грекиядан ойсырай ұтылған Қазақстан құрамасы сапынан бір футболшы кетті

Футбол, Ұлттық құрама, форвард, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 17:32 Сурет: kff.kz
Футболдан Ұлттық құрама сапынан форвард Иван Свиридов кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ұлттық құраманың Instagram-дағы парақшасында айтылады.

Еуро-2024 матчында Грекиядан 0:5 есебімен таза ұтылған отандастарымыз Афинада үш күн жаттықты. Жексенбіде, бүгін олар Люксембургке жол тартады. 27 наурызға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:45 біздікілер жергілікті құрамамен жолдастық кездесу өткізеді. Магомед Алиев тағайындаған 26 ойыншының 25-і ғана сапарға аттанды. Ал команда шабуылшысы Иван Свиридов Қазақстан U-21 құрамасына қосылды.

Люксембург – Қазақстан матчы "Стад де Люксембург" стадионында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: