Astana Qazaqstan Team мүшесі "Джиро д'Абруццо" веложарысының беделді кезеңінде топ жарды
Сурет: olympic.kz
11 сәуірде "Джиро д'Абруццо" көп күндік веложарысының үшінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде Astana Qazaqstan Team мүшесі Алексей Луценко топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталған таулы кезең жарыстағы беделді кезең саналады.
Жарысқа қатысушылар 163 шақырымды артта қалдырып, қазақстандық Луценко көш басында келді. Екінші орынды Uae Team Emirates мүшесі Адам Йетес, үшінші орынды оның командаласы Диего Улисси иеленген.
Осы жеңістен соң Алексей Луценко жалпы есепте бірінші орында келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript