Қазақстанға алтын медаль әкелген шешуші кездесудің видеосы: "Жеңіліп жатып, жеңіп кетті"

Азамат Дәулетбеков, еркін күрес, Бішкек, Азия чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 21:56 Сурет: видеодан алынды
Бішкекте еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта Азамат Дәулетбеков өзбекстандық қарсыласы Джабраил Шапиевтен басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәулетбеков 5-2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ретте шешуші кездесудің соңына жарты минут қалғанда дейін есеп 1:1 болғанын әрі белсенділігі жағынан өзбекстандық палуан басым түсіп жатқанын баса айта кетелік.

Жағдайдың санаулы секундтарда қалай өзгергенін төмендегі видеодан тамашалай аласыздар:


Бұл - Азия чемпионатындағы, әзірге жалғыз "алтынымыз".

Айта кетсек, мұның алдында Қазақстан екі күміс медаль еншілеген: 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан және Асыл Айтақын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: