Қазақстан спортшылары каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды

Каноэ мен байдаркада есу жарысы, АЧ-2024, алтын медаль, Сергей Емельянов, Руфина Искакова , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 15:15 Сурет: olympic.kz
Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпаиада комитетінің хабарлауынша, екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы жеңімпаз атанды. Уақыт көрсеткіші - 01:57.203.

Екінші  орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: