Жанарыс Рахметқали дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жанарыс Рахметқали, дзюдо, Азия чемпионаты, қола жүлдегер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 15:20 Сурет: Оlympic.kz
Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды. Ол да шешуші сында өз жерлесімін бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті.

Бұл - Жанарыстың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол - жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 

Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 келі) қола медаль иеленген болатын. Ол қола медаль үшін таласта Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақыновамен күш сынасқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: