Елена Рыбакина Мадридке барды: Мен өзіме сенемін
Сурет: Jimmie48/WTA
Алдыңғы аптада Штутгарт WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Испания астанасы Мадрид қаласына барып, жаттығуға кірісті. Мадрид WTA 1000 жарысында бақ сынайтын қазақстандық теннисші өз ойын бөлісті.
Елена Рыбакина Штутгарттағы жеңісіне өте қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, дода барысында үш сетке созылған матчтар оңайға түскен жоқ. Әсіресе, жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойын өте қиынға соқты. Дегенмен теннисші финал алдында қалпына келе алған.
"Шешуші бәсекеге тас-түйін жинала білдім. Соның арқасында автомобильді де қоса ұтып алдым. Шынымды айтсам, Штутгарт турнирі алдында пәлендей ештеңе күткен жоқпын. Топырақ төсенішіндегі кортта дайындық ұзақ болмағандықтан, барынша көбірек матч өткізуге тырыстым. Енді Штутгарттағы жеңіс маған күш берді. Қалған топырақ төсенішіндегі маусымды жоғары деңгейде өткіземін деп үміттенемін. Мадридке ұшып келіп, жаттығуға кірістім. Мұндағы мақсатым туралы айтсам, мен әрқашан да өзіме сенемін. Әрине, барлығы маған байланысты емес, жарыста көптеген мықты теннисшілер өнер көрсетеді. Бірақ мен өзімді еркін сезінемін, денім сау, дайындығым жақсы".Елена Рыбакина
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript